Домой Жаңалықтар Қостанайда тағы бір баланы ит тістеп алды

Қостанайда тағы бір баланы ит тістеп алды

245
0

Кішкентай Маша бір апта бойы дәрігерлердің бақылауында. Әлі екі жасқа да толмаған қызға  ит тап берген. Анасы Лидия Наглистің алты баласы бар екен. Маша ең кішісі. Үлкен отбасы Ресейден көшіп келіпті. Олардың алабай тұқымды иттері бар екен. Өткен жексенбіні анасы қорқынышпен еске алады. Қызын тек бірнеше секундтқа қараусыз қалдырғанын айтады.

Анасының сөзінше ит қызды жерге жатқызып алып тістеген кезде анасы иттің тұмылдырығынан тартқан. Ортаншы қызы Машаны құтқарам дегенде ит анасының қолын тістеп алған. Жедел жәрдем  шақырып, Машаны шұғыл арада облыстық балалар ауруханасына алып кетті. Қыз көптеген жарақаттармен түскен.

Облыстық балалар ауруханасының травмотолог дәрігері Дмитрий Малюковтың айтуынша қыз бас ми жарақатымен ауыр жағдайда түскендіктен бас миына рентгенограмма жасалған. Тез арада операция жасалды. Операциядан кейін ол екі тәулік жансақтау бөлімінде жатты. Қазір Маша өзін жақсы сезінеді. Дегенмен дәрігерлер мұндай жарақаттың уақыт өте сыр беруі мүмкін екенін айтады. Келешекте бас сүйегіне пластика қажет болуы ықтимал. Жақын күндерде қызды ауруханадан шығармақ. Ал итті келесі күні атып тастады.

Қостанайда бұл алғаш болып отырған жағдай емес, бір апта бұрын тағы бір бала иттен зардап шеккен еді. Дәрігерлер жазда облыстық балалар ауруханасына күн сайын ит қауып алған 3-4 бала түсетінін айтады.