Домой Жаңалықтар Қостанайда теміржолшылар вагон бөлшектерін өздері ұрлаған

Қостанайда теміржолшылар вагон бөлшектерін өздері ұрлаған

141
0

Қостанай стансасындағы ішкі істер желілік бөліміне «Қазтеміртранс» АҚ-дан Железорудная стансасында «Қазтеміртранс» АҚ-ға тиесілі 26 вагоннан белгісіз біреулер бөлшектерді ұрлап кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті. Келтірілген шығын көлемі 266 825 теңгеге бағаланды.

Бұл туралы ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Ішкі істер желілік бөлімінің криминалдық полиция қызметкері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қостанай облысы Рудный қаласының 1982, 1988 және 1994 жылғы үш тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар бөлшектер қолды болған стансаның Техникалық қадағалау пунктінің қызметкерлері болып шықты.

Күдіктілер аталған қылмысқа қатысы бар екендіктерін мойындады.

Аталған оқиға бойныша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-тармағы (бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.