Домой Жаңалықтар Қостанайда тілшілер марапатталды

Қостанайда тілшілер марапатталды

149
0

Байланыс  және ақпарат қызметкерлерінің күні Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өңірлік және республикалық БАҚ қызметкерлерін марапаттады. Салтанатты шараның ашылуында ол облыстағы ақпарат құралдарының тарихы мен қызметі жөнінде айтып, «төртінші билік» өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады.

Арнайы аталымдар бойынша жыл бойы жемісті еңбек еткен БАҚ мамандары марапаттарға ие болды. «Алау» телерадиокомпаниясының тілшісі Евгения Финко және бейнеоператор Дмитрий Гуренко облыс әкімінің арнайы сыйлығына және 15 шақты адам Қазақстанның Журналистер одағының дипломына ие болды.

Олардың арасында «Алау» телеарнасының қызметкерлері жауапты редактор Елена Щегельская, радиожүргізуші Маргарита Шабанова және бас режиссер Тина Павлючкова бар. Қазақстан Журналистер одағының Алтын медалін аймақтық «Костанайские новости» газетінің директоры-бас редакторы Сергей Харченко жеңіп алды.