Домой Жаңалықтар Қостанайдағы Орталық саябақтың бір бөлігі «Қазақстан» кинотеатрына тиесілі

Қостанайдағы Орталық саябақтың бір бөлігі «Қазақстан» кинотеатрына тиесілі

136
0

Қостанайдағы Орталық саябақтағы ағаштар қырқылатын болды. Екі жылға созылған сот ісі аяқталды.

Жоғарғы сот істі «Қазақстан» кинотеатрының әкмшілігінің пайдасына шешті. Олар қала орталығындағы бірнеше сотық жерде құрылыс бастамақ. Бұл ақпаратты қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Еске салсақ, «Қазақстан» кинотеатрының маңындағы жер төңірегіндегі шу өткен жылы басталды. Ол кезде кинотетар басшылығы қала әкімдігінің жер телімін мемлекет пайдасына алу туралы қаулысын заңсыз деп тану үшін сотқа жүгінген еді. Сол уақыт аралығында бірнеше сотық жерде ағаштар қырқылды. Экономикалық сотта қаулыны күшінде қалдыруға шешім қабылдады. Осылайша қалған ағаштар қырқылған жоқ. Ал 2015 жылдың басында облыстық соттың апеляциялық сот алқасында бірінші инстанцияның шешімін жоққа шығарды. Сөйтіп сот шешімімен жер кинотеатр меншігі болып қалды. Жоғарғы соттың қадағалау алқасы да кәсіпкерлердің пайдасына шешім  қабылдады.