Домой Жаңалықтар Қостанайдағы құрылыс колледжі үш тілді оқыту тәжірибесін енгізді

Қостанайдағы құрылыс колледжі үш тілді оқыту тәжірибесін енгізді

210
0

Қостанайда құрылыс колледжіндегі арнайы топта үш тілде білім беру басталды деп хабарлайды baq.kz.

Әзірге тәжірибе жүзінде енгізілген әдістеме келешекте жаппай қолданылуы мүмкін. Оқу орны бұл ретте Елбасы ұсынған «Ұлт жоспарының» 79-шы қадамын негізге алып отыр. Құрылысшылар үш тілде қалай оқып жатыр? Никита – І курс студенті, болашақ құрылысшы. Ол мемлекеттік тіл мен ағылшын тілін меңгеру заман талабы екенін жете түсінеді. Сол үшін де тәжірибелік топқа жазылды. Орыс мектебін бітірген түлектің бүгінде біртіндеп қазақша тілі сына бастаған.

Никита Афанасьев, студент: — Мен қазір құрылысшы мамандығымен қатар қазақ тілін де үйреніп жатырмын. Биыл қазақ тілінен және басқа пәндерден ашық сабақтар өткізіп, олимпиадаға қатысып жүрміз. Мен қазақ тілін үйренгеніме қуаныштымын. Құрылыс саласында қазақ тілінде оқулық аз. Оның үстіне Қостанайда орыс тілді ортаның үлес салмағы басым. Әйтсе де колледж ұстаздары қиындықтан жасқанған жоқ. Өйткені «білім беру жүйесінде ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшу, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» – Ұлт жоспарында көрсетілген талап.

Ғалия Сұлтанова, құрылыс колледжі директорының орынбасары: — Қазіргі таңда біз бірталай шара өткізіп жатырмыз, ол үшін қазақ тілі, ағылшын тілі сабақтарын көбейттік және факультатив сабақтарын меңгердік, басқа сабақтан тыс шаралар өткізіп жатырмыз. Құрылыс колледжі биыл «Серпін» бағдарламасымен 25 студент қабылдады. Солардың бірі – Бекжат Бажатай. Оңтүстік Қазақстанның тумасы. «Мұнда теория мен тәжірибе қатар жүреді. Бұл бізге мықты маман болып қалыптасуға мүмкіндік береді», — дейді ол.

Алпыс жылдық тарихы бар оқу орнында бүгінде 700-ден астам студент 7 мамандық бойынша тегін білім алады. Колледж түлектерінің 90%-дан астамы еңбек нарығында өз орнын табады екен. Болашақта үш тілдік жүйеге көшсе, қостанайлық құрылысшыларға деген сұраныстың тіпті арта түсері анық.