Домой Жаңалықтар Қостанайда қымызхана ашылды

Қостанайда қымызхана ашылды

256
0

Қала орталығының демалыс саябағында орналасқан ақ қанат киіз үйді көрген жандар баршылық. Әрине, кейбірі қызығушылық танытып «Бұл не екен? Кім құрған? Не үшін?» деп барып жөн сұрады да. Бұл — Қостанай шаһарында ашылған жалғыз ғана Қымызхана.

Жұрт түске таман мұнда ағылып кеп жатады. Оны ашқан — бойында қазақы намыс, ұлттық рухы бар жас жігіттер. Идеяның тууына себепкер болған — Аян Біржанов деген спортшы жігіт.

Аян өзі Әулиекөл ауданының тумасы. Грек-рем күресінен ҚР-ның жеңімпазы. Спорт шебері.

Аянның айтуынша осы ашылған бір айда 20-30 литр қымыз ішіліп жүр. Қымызды көбінесе Торғайдан немесе қалаға жақын маңайда орналасқан Жданов ауылынан алып келеді екен. Қостанайдың дәл орталығында ашылған қымызхана әзірге ел игілігіне жарап тұр. Ұлттық сусынның емдік қасиетін білетін қала тұрғындары Аянның қымызханасына әлі де ағылып кеп жатыр.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.