Домой Жаңалықтар Қостанайда өз күйеуін өлтірген 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарылды

Қостанайда өз күйеуін өлтірген 73 жастағы зейнеткерге үкім шығарылды

106
0

Қостанай облысының арнайы мамандандырылған ауданаралық соты өз күйеуін өлтірді деп қамалған 73 жастаға Юлия Чиловаға ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деген үкім шығарды.

«23 ақпан күні 15:00 шамасында Қостанай ауданы Владимировка ауылының тұрғыны Владимир Чилов әйелінен 1000 теңге алып, дүкеннен арақ сатып алған. Шамамен 16:00-де алкогольді ішімдікке мас күйінде үйіне келіп, әйелін балағаттай бастаған. Қаңтар айында орны толмас қайғы — ұлдары қайтыс болған. В.Чилов марқұм ұлдарының өзінен емес екенін айтып, айыптай бастағанда, шыдамы таусылған Юлия Иосифовна балтамен күйеуінің басына, мойны мен кеудесіне бірнеше зақым келтірген», — деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Зейнеткер әйел есін жиғанда бәріне кеш еді. Оқиға орнына келген медбике кісі өлімін тіркеп, полиция қызметкерлерін шақырған.

Сот үкімімен азаматша Ю.Чилова жалпы режимдегі түзету колониясына 8 жылға бас бостандығынан айырылды.