Домой Жаңалықтар Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды

Қостанайда жалған ақша жасағандар ұсталды

146
0

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті қызметкерлері 5000 теңгелік купюралар жасаған азаматтарды ұстады.

2015 жылғы қазанның аяғынан бастап Қостанай облысының аумағында 2011 жылғы үлгідегі сериясы АА 3424332, жалған 5000 теңгелік банкноттарды жасағандар құрықталды. Бұл факті экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері облыстық ІІД қызметкерлерімен бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде анықтады.

Жедел ақпаратты тексеру барысында, 2015 жылғы 12 желтоқсанда сағат 21.00 шамасында экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен Жітіқара аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оларды кезекті жалған ақша топтамасын өткізу кезінде қолға түсірді. Пәтерді тінту кезінде, арнайы жабдықталған техника және 5000 теңге номиналымен жалған ақша (сериясы АА 3424332) тәркіленді.

Жасанды номиналдарды бір қарағанда нағыз ақшадан ажырату қиын. Алаяқтар құнды қағаздардағы деректерді жоғары технологиялардың көмегімен көшіріп шығарған. Өткізілген процесуалдық әрекеттердің нәтижесі бойынша ұсталған тұлғалардың көрсетілген жалған купюраларды Қостанай облысы аумағында ғана емес, Алматы қаласында және Ақмола, Қарағанды облыстарында өткізу және жасауға тікелей қатысы бар екендігі анықталды.

2015 жылғы 13 желтоқсанда айыпты тұлғалар ұсталып, ҚР КПК 128-бабы бойынша 2 ай мерзімге қамауға алынды. Казіргі таңда жоғарыда айтылған фактілер бойыша алдын ала тергеу жүргізілуде-деп хабарлайды «Қостанай таңы».