Домой Жаңалықтар Қостанайда ЖШС директоры жұмыскердің өліміне кінәлі деп танылды

Қостанайда ЖШС директоры жұмыскердің өліміне кінәлі деп танылды

175
0

Қостанай қаласының №2 сотында осыдан бірнеше жыл бұрын орын алған қайғылы оқиғаға кінәлі деп айыпталған ЖШС директорының орынбасары -1979 жылы туған Дмирий Иванченкоға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылды.  Ол еңбектi қорғау ережелерiн сақтамаудан абайсызда адам өлiмiне әкеп соғуда, яғни ҚР ҚК-нің 152-бабы 2 бөлігі бойынша (1997 жылғы редакциядағы) айыпты деп танылды.

Осыдан 5 жыл бұрын, 2011 жылдың 29 маусымында сағат 22.45 шамасында директор орынбасары Д.Иванченконың еңбекті қорғау ережесін және техникалық қауіпсіздік шараларын дөрекі бұзуының салдарынан слесарь-бригадир Д.Семенов «Вестах» ЖШС аумағында автобөлшектерді жүк көлігінен түсіріп жатып жоғарғы вольтты электр желісі сымдарына жанасуға жол береді. Тоққа түскен жұмыскер Д.Семенов қалалық ауруханада есін жимастан қаза тапқан.

Сот үкімімен Д.Иванченко қылмыстық құқық бұзушылықта айыпты деп танылып, оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты Иванченко ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35 бабы 4 бөлігіне сәйкес жазаны өтеуден босатылды.

Сондай-ақ судья Арман Қабенов сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтарға орай Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің атына жеке ұйғарым шығарды-деп хабарлайды облыстық сот.