Домой Жаңалықтар Қостанайда жылдың соңғы жәрмеңкесі

Қостанайда жылдың соңғы жәрмеңкесі

85
0

Қостанайда осы аптаның сенбісі, 26 желтоқсанда жылдың соңғы жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл жолы азық-түлікті молынан әкелмек. Өңірдегі он ауданнан 130 тонна өнім жеткізіледі. Бұл әдеттегіден 20 тоннаға артық.

Жәрмеңкеде сатылымға 144 000 жұмыртқа қойылады. Оның 10 данасы — 220 теңге. «Дамир» ЖШС қантының құны – 190 тг. Күнбағыс майының 1 литры — 300 теңге.  Сондай-ақ, 27 тонна ет жеткізіледі. Сиыр еті – 800-900 тг., жылқы еті – 1000-1100 тг., шошқа еті – 750-800 тг.