Домой Жаңалықтар Қостанайдың базарларында қауын-қарбыздар саудаға түсті

Қостанайдың базарларында қауын-қарбыздар саудаға түсті

161
0

Қарбыздар тамызда пісетініне қарамастан базарларда оны маусым айында-ақ көруге болады. Аптап ыстықта шөлін қандыру үшін көпшілігі қарбыз алғысы келеді. Бірақ ала жемістің сапасы ойдағыдай болмайды.

Сатушылар жемістер Шымкеттен әкелінгенін, бір келісі 80-90 теңге екенін айтады. Қауындардың келісі 280 теңге. Қостанайлықтар арасында бақша өнімдері сұранысқа ие. Зертхана мамандары ала қарбыздың құрамындағы нитраттарды тексеру үшін арнаулы құралды қолданады. Ұлттық сараптама орталығының зертханашысы Гүлнұр Таңатқанованың айтуынша сөрелердегі қарбыздың құрамындағы нитрат нормадан асып кеткен. Яғни 132-ні көрсеткен. Ал норма мөлшері 60.

Маусым айында әдетте қарбыздар піспейді. Сондықтан бұл жемістерді тезірек өсіру үшін химикаттар қосады. Нитарттың көп болуы улануға әкелуі мүмкін. Бір қарағанда қарбыздың қауіптілігін анықтау мүмкін емес. Мамандар жемісті мерзімінен бұрын сатып алмауға кеңес береді. Олар сырттан әкелінгеннен гөрі жергілікті қарбызды пайдаланған дұрыс деп есептейді.