Домой Жаңалықтар Қостанайдың психоневрологиялық интернатында өрт болды

Қостанайдың психоневрологиялық интернатында өрт болды

92
0

Кешкілік ғимаратта жалын тұтанған. Бейнежазбаны куәгерлер сол күні кешкілік әлеуметтік желіге салған. Кадрларда терезеден қара түтін шығып жатқаны көрінеді. Ал аумақты өрт сөндірушілер қарап жатыр. Облыстық төтенше жағдай департаменті кейін хабарлағандай өрт туралы ақпарат сағат:21-лер шамасында түскен.

Кезекшілік бөлімге психоневрологиялық интернат үйінің қызметкерлерінің бірі қоңырау шалған. Бөлек тұрған кір жуатын орынжайдан өрт шыққан. Кейін құтқарушылар кір жуғыш машинасының өртенгенін анықтады.

Өрт орнына 4 бірлік техника жіберілді. Жалынды тез ауыздықтады. Өрт аумағы 5 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Кір жуғыш машинасының электрқозғалтқышының сымы қысқа тұйықталғандықтан өрт шыққан. Кір жуғыш машинасынан басқа ештеңге зардап шекпеген.