Домой Жаңалықтар Қостанайдың Суриковка кентінде төтенше жағдай толықтай жойылды

Қостанайдың Суриковка кентінде төтенше жағдай толықтай жойылды

121
0

Қостанай ауданы Суриковка ауылында төтенше жағдай толықтай жойылды. Бұл туралы облыстық ТЖ департаментінің басшысы Талғат Кәкімов мәлімдеді.

«Көктемгі су тасқыны кезінде су басқан Суриковкада 3 млн. текше метрден астам су айдалды», — деп хабарлады Т. Кәкімов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, сәуірде бұрынғы көл орнындағы ауылды толықтай су басып кетті. Оқиға орнынан 55 адам эвакуацияланды. Құтқарушылар екі ай бойы апаттың салдарын жоюмен айналысты.

Арнайы комиссия қабылдаған тексеру нәтижесі бойынша  19 зардап шеккен отбасыға көмек ретінде 1 миллион теңгеден берілді. 21 отбасы облыстық бюджеттен ақша (30 АЕК немесе 63 мың 63 теңге) алды.

Құтқарушылар адам мен мал шығынын болдырмауды басты назарға алды, деді облыстық ТЖД бастығы.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.