Домой Жаңалықтар Қостанайлық азаматша өз-өзіне қол салып мерт болды

Қостанайлық азаматша өз-өзіне қол салып мерт болды

123
0

Астана қаласындағы 22 қабаттық «Байқоңыр» тұрғын үй кешенінен 19 жастағы қостанайлық азаматша құлап, көз жұмды. Қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Today.kz тілшісі марқұм өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін екенін айтады.

Оқиға шілденің 2-сі күні түн ортасында болған. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптама белгіленіп, қайғылы жайттың анық-қанығы тергелу үстінде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ғимараттың 22-қабатынан бойжеткеннің сөмкесі мен заттары табылған. Кейін ата-анасы да балаларының денесін таныды.  Аза құшқан әке де, ана да Астанаға жол жүрмес бұрын қыздарымен арада келіспеушіліктер болғанын жасырмай айтты. Бірақ өлімнің нақты себебі бұл ғана дегенге сенбейді.  Белгілі болғандай, бойжеткен елордаға маусым айының орта шенінде жол тартқан. Ол сол қалада оқитын студент еді, ешқандай жерде жұмыс істемепті.