Домой Жаңалықтар Қостанайлық көлік сатушылар доллардан бас тартты

Қостанайлық көлік сатушылар доллардан бас тартты

118
0

Автосалондарда диллерлер көліктерді ескі бағам бойынша сатуда.

Сатушылар сұраныс азаймағанын айтады. Өткен айдың соңында теңге бағамын еркін айналымға жібергенде, оларға қиын болғаны жасырын емес «Автодом моторс» салонының менеджері бүгінде халық өз жинақ ақшаларынан айрылып қалмас үшін көбіне матеиалдық заттар алуды қалайтынын айтады.Оның сөзінше автосалондардағы брендтер жақсы сатылуда. Сонғы айларда сатылым артқан.  Негізгі брендтерге баға көтерілмеген. Екі млн теңгеге дейін одан жоғары ақшаға да көлік сатылады. Яғни кез-келген талғамға бар. Валюталық дәліздің алынуы сатушылардың жұмысына өзгерістер әкелді. Жақын күндерден бері олар толықтай теңгемен есеп айырысуға көшкен. Бұл мәжбүрлі шара екен. Себебі соңғы өзгерістерден соң сатып алушылар бағаға шатасқан. Менеджер келешекте көлік бағасы қымбаттауы мүмкін екенін жасырған жоқ. Оның сөзінше өндіруші зауыт қандай баға қойып, сатып алу кезінде теңгенің қандай бағамы болатынына байланысты. Осыдан көлік құны шығады. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының ақпараты бойынша жаңа автокөлік нарығында жағдай қиын. Осы жылдың сегіз айында өткен жылға қарағанда сатылым 33 пайызға төмендеген. Мамандар бұны көрші Ресейден, Қығызстаннан келіп жатқан көліктердің ағылумен байланыстырады.