Домой Жаңалықтар Қостанайлық сарбаздар әскери борышын өтеуге аттанды

Қостанайлық сарбаздар әскери борышын өтеуге аттанды

136
0

Қорғаныс  департаментінің өкілдері болашақ сарбаздардың кезекті легін салтанатты түрде әскерге шығарып салды.

Осы жолы Қазақстан армиясының қатарын іріктеуден өткен 15 қостанайлық бозбала толықтыратын болды. Бұл – Республикалық күзгі әскер қатарына алу науқаны басталғалы іске асырылған алғашқы да, соңғы да шара емес.

Жас жауынгерлер Астанадағы Қорғаныс минстрлігінің әскери-полициясының бас басқармасына аттанды.

Оларды шығарып салу салтанаты қаладағы Жеңіс паркінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев арнайы қатысып, сарбаздарға сәттілік тіледі.

Салтанатты шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Подалеков, Ұлы Отан соғысының және Ауған соғысының ардагерлері де қатысып, жас буынға жүрекжарды лебіздерін жолдады.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.