Домой Жаңалықтар Қостанайлық тұрғын ауылдастарын тонау үшін қолдан өрт ұйымдастырған

Қостанайлық тұрғын ауылдастарын тонау үшін қолдан өрт ұйымдастырған

93
0

 Қостанай облысы Жітіқара ауданының тәртіп сақшылары шөп жиналған қора мен жылқы қораны қасақана өртеді деген күдікпен жергілікті тұрғынды құрықтады.

Осындай жолмен ол ауыл тұрғындарының арасында дүрбелең туғызып, өзі екінші қылмысты істеуді жоспарлаған деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz

Оқиға кеше түнгі бірлер шамасында орын алған. Жітіқара қаласына жақын орналасқан Пригородный ауылында жергілікті тұрғындардың бірінің шөп жиналған қорасы мен жылқы қорасы өртеніп кетті. Құрғақ шөп пен ағаштан жасалған ғимараттар тез өртенгендіктен, жақын маңдағы тұрғындардың барлығы өртті сөндіруге ұмтылыпты. Оқиға орнына сондай-ақ, өрт сөндіру қызметінің екі көлігі де келіп жеткен.

Ауылдықтар жаппай қызыл жалынмен күресіп жатқанда 30 жастағы күдікті осы көшенің үйлеріне біртіндеп бас сұғып, тонап шықпақшы болыпты. Дегенмен, үйде қалған қарт әжей ұрыны байқап қалып, далаға қашып үлгерген.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті қолға түсті. Қылмысқа куә болған қария оны бірден таныды. Ал, күдіктінің өзі болса өртті әдейі ұйымдастырғанын мойындап отыр.