Домой Жаңалықтар Отандық көлік өндірісінде мамандар қысқартылмайды

Отандық көлік өндірісінде мамандар қысқартылмайды

123
0

Отандық көлік өндірісінде мамандарды қысқарту болмайды.

Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев осылай мәлім етті.«Әлемдегі дағдарыс салдары автоөнеркәсіпке де әсер етіп отырғаны анық. Бірақ та Үкімет тарапы бұл салаға қолдау жасап, тиісті шараларды жүзеге асыруда. Менің ойымша, біздің өндірісіміз былтырғыдан төмен болмайды. Сонымен қатар биыл теңгенің ресейлік рубльге шаққандағы бағамы бәсекелестік сауда жүргізу деңгейіне келіп қалды, яғни бізде шығарылған автомобильдер бәсекелестік тұрғыда Ресейдің автоөнеркәсібінен кем түсіп отырған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, былтырғы жағдай басқаша болған еді»,-деді М. Пішембаев.

Оның сөзіне қарағанда, елімізде шығарылған көліктерді көрші мемлекеттерге шығарып, саудалауға тиісті мүмкіндіктер туындап отыр.

«Ең бастысы — кәсіпкерлер жаңа технологияларды енгізуді жалғастыруы тиіс. Сонымен қатар өнім бағасы да бәсекелік деңгейде белгіленуі қажет. Жалпы, отандық көлік өндірісінде қысқарту болмайды. Барлық зауыттар өздерінің өндірісін сақтап, ең маңыздысы — кәсіби мамандарды тұрақты жұмыс орындарында ұстап тұруы керек. Өйткені, қазір қысқарса, біршама уақыттан кейін жағдай дұрысталғаннан соң білікті мамандарды қайдан іздейміз? Мамандарды даярлау өте күрделі мәселе»,-деді ол.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.