Домой Жаңалықтар «Qazaq Air» әуе компаниясы Қостанай облысына ұшады

«Qazaq Air» әуе компаниясы Қостанай облысына ұшады

120
0

«Qazaq Air» қазақстандық әуе компаниясы өзінің аймақтық әуе қатынастары желісін кеңейтті.

Атап айтқанда, әуе компаниясы 2015 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қостанай облысын еліміздің оңтүстік астанасымен байланыстыратын жаңа бағыт ашады.

Алматы — Қостанай рейсінің ұзақтығы  2 сағат 35 минут. Бұл бағдар сыйымдылығы 78 орындықтан тұратын Bombardier Q400 жаңа ұшағында орындалады.

Ұшудың құны әуежай алымдарын қоса алғанда бір бағытқа 15 496 теңгеден басталады, ал қызмет көрсету санаты —  эконом класс. Сапарларды қазірден бастап әуекомпаниясының www.flyqazaq.com сайтында және әуе агенттіктерінде брондауға болады. Мұнымен қоса, әуекомпаниясы жақын арада Қазақстанның батыс аймағында келесі жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр:Олар — Шымкент — Ақтөбе;  Ақтөбе — Атырау;  Қостанай — Ақтөбе.

Айта кетейік, «Qazaq Air» АҚ  Қазақстандағы аймақтық бағыттар бойынша қызмет көрсететін жаңа әуекомпаниясы. Оның акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.