Домой Жаңалықтар ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының жаңа әкімін таныстырды

ҚР Премьер-Министрі Қостанай облысының жаңа әкімін таныстырды

76
0

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов және ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан Нығматулин Қостанай облысының активіне өңірдің жаңа басшысын таныстырды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында К.Мәсімов ҚР Президентінің облыс әкімінің орнына Архимед Мұхамбетовті ұсынуы жөніндегі хатты оқыды.

Депутаттар бірауыздан аталған кандидатураны қолдады.

Облыс активі алдында сөз сөйлеген К.Мәсімов  жаңа өңір басшысының алдында Президент тапсырған экономика өсімін қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау, интеграциялық үрдістерді дамыту және азаматтардың жағдайын жақсарту бойынша бірқатар міндет тұрғанын айтты.

Сондай-ақ ҚР Премьер-Министрі А.Мұхамбетов Елбасының сенімін ақтайтынына сенетінін жеткізді.