Домой Жаңалықтар Рудныйда екі адамды өлтіруге күдіктілер ұсталды

Рудныйда екі адамды өлтіруге күдіктілер ұсталды

94
0

Рудный қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонынан металл сынықтарын жинаушылар қоқыс жинайтын жерде ресми емес түрде күзетші болып жұмыс жасайтын екі адамды қатығездікпен өлтірді. Қылмыскерлер олардың үстіне бензин құйып өртеп жіберген.

Қостанай облысы ІІД тергеу баққармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сейітовтің ақпараты бойынша, осы қылмысты жасауға күдікті 25-43 жастардағы бес жергілікті тұрғын ұсталған, оларға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды. Олар айыптарын мойындауда.

Күзетшілер мен қылмыскерлер арасындағы жанжал бірнеше келі түсті металға таластан шыққан. Зардап шеккендердің денесін 95 пайыз күйік шалып, олар оңалту бөлімінде көз жұмған.Бұл туралы ҚазАқпарат.