Домой Жаңалықтар Рудныйда мемлекеттік қызметші сотталды

Рудныйда мемлекеттік қызметші сотталды

162
0

Рудный қалалық әкімдігінің ғимаратында қалалық соттың судьясы 50 жастағы Людмила Мулдахметоваға қатысты сот үкімін жариялады.

Өткен жылдың маусым айында «Рудный қалалық әкімдігінің құрлыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі «РТК Сервис» ЖШС-мен 2015 жылдың маусымынан желтоқсанына дейін қызметтік автокөлікті техникалық қамтамасыз ету бойынша келісім-шарт жасаған.

Өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланған мемлекеттік мекеме қызметкері Л.Мулдахметова көрсетілген мерзім аралығында өзінің жұбайы мен оның танысына ММ есебінен жеке автокөліктеріне шығын материалдарын алуға және көлікті техникалық жөндеуде ЖШС қызметіне жүгінуге жағдай тудырып отырған.

Мемлекетке келген шығын 286 000 теңгені құраған.

Жаза тағайындауда сотталушының кінәсін толығымен мойындауы, өкініш білдіріп келген шығынды өтегені және жас баласының болуы назарға алынды.

Сот үкімімен Л.Мулдахметова ҚР ҚК-нің 361 бабы 1 бөлігі (лауазымдық өкілеттілігін теріс пайдалану) бойынша айыпты деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу, мүлкін тәркілеу және өмір бойына мемлекеттік органда қызмет істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды-деп хабарлайды облыстық сот.