Домой Жаңалықтар Рудныйда полиция көл ортасында қалып қойған әйелді құтқарды

Рудныйда полиция көл ортасында қалып қойған әйелді құтқарды

166
0

30 маусымда Рудный қалалық Ішкі істер басқармасына саяжайлар ауданы маңындағы көл ортасында қалған әйел туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің автопатрулі шықты. Патруль құрамында кіші сержант Рүстем Мәулетов пен сержант Нұрсұлтан Ақбергенов болды. Тәртіп сақшылары көл ортасында дейін жүзіп барып, зардап шегуші әйелді судан алып шықты.

Қостанай облысы ІІД мәліметі бойынша, құтқарылған 50 жастағы әйел Рудный қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір саяжайынан екінші саяжайына жүзіп жеткісі келген.

Қуаныштысы, көл ортасында бетон плита болған. Соған шығып алған әйел кешке дейін көмек күткен. Әйелді автөлікпен өтіп бара жатқан жолаушы байқап, полицияға хабар берген.

Баспасөз қызметінің айтуынша, ІІД-де құтқарушы полицияларды марапаттау мәселесі қарастырылуда-деп хабарлайды ҚазАқпарат.