Домой Жаңалықтар Рудныйда жол ақысы қымбаттайды

Рудныйда жол ақысы қымбаттайды

164
0

Рудныйда қоғамдық көлікте жүру ақысы 4-шілдеден бастап 45 теңгеден 60 теңгеге қымбаттайды. Қала әкімдігінің тарифтерді бекіту туралы қаулысы 22 маусымда Қостанай облысының Әділет басқармасында заңды тіркеуден өтті.

Айта кетейік, жолаушылардың тасымалдаумен айналысатын «Рудный автотранс» ЖШС өткен жылы да тарифтерді өсірмек болған. Бірақ ол кезде прокуратура органдары серіктестіктің өтінішін негізсіз деп таныды. Міне, арадан бір жыл өткен соң, жолақы құны бірден 15 теңгеге қымбаттап отыр
«Біз соңғы рет 2011 жылы тарифті 10 теңгеге өсірген болатынбыз. Қазір барлығы қымбаттап кеткенін білесіздер. Оның ішінде жанар-жағармайдың, автошиналардың, аккумуляторлар мен қосалқы бөлшектердің бағасы да бір орнында тұрған жоқ. Жұмыс орындарын сақтап қалып, техниканы жаңарту үшін жолақыны қымбаттатуға мәжбүрміз»,-дейді автопарк өкілдері.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.