Домой Жаңалықтар Сенат 2015 жылы 167 заң қабылдады

Сенат 2015 жылы 167 заң қабылдады

94
0

Сенат 2015 жылы 167 заң қабылдады. Бұл туралы бүгін палатаның жалпы отырысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Бүгін Сенаттың биылғы жылдағы соңғы жалпы отырысында палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев депутаттардың атқарған жұмысын қорытындылады.
«Биылғы жылы жақсы жұмыс істедік деп айтуға болады. 167 заң жобасын қарастырып, дер кезінде оларды қабылдадық. Заңдардың басым көпшілігі «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын құқықтық жағынан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өту қажет. Ел дамуы үшін аса маңызды кешенді шараларды жедел жүзеге асыру жолда депутаттардың заң жобасының бастамашыларымен және аппарат қызметкерлерімен үйлесімді жұмыс істегенін атап өткім келеді», — деп атап өтті Сенат спикері.
Қ.Тоқаев депутаттарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, табысты жұмыс тіледі-деп хабарлайды baq.kz.