Домой Жаңалықтар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 25 маусымда өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 25 маусымда өтемақының алғашқы траншын төлей бастайды

142
0

25-ші маусым күні салымшылар шотына 23,6 млрд. теңге көлемінде  бағам айырмасының алғашқы траншы беріледі. Оның 8,6 млрд. теңгесі банктің жеке қаражатынан бөлінбек.

«Өтемақы, бірінші кезекте, 2016 жылдың 31-ші мамырына дейін банкпен қосымша келісімге қол қойып үлгерген салымшыларға  төленеді.  221 705 салымшы 122,9 млрд. теңгені  құрайтын депозиттің жалпы сомасынан өтемақы алады», — деп мәлімдейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің баспасөз қызметі.

ҚТҚЖБ 1-ші маусымда өтемақы алуға қосымша келісім жасау мерзімі бір айға ұзарғанын хабарлаған еді. Қазіргі таңда, өтемақы төлеуге жататын 452 167 салымның  140 464 шартына әлі де қол қойылмаған. Олардың басым бөлігі шоттарында 1 млн. теңгеден аз сома жатқан клиенттер.  Банктің баспасөз қызметі қосымша келісімге қол қоюға соңғы 8 күн қалғанын ескертіп отыр. Үлгермеген жағдайда ол салымшылар өтемақыдан қағылады.

Өтемақының алғашқы траншының қалған 9,3 млрд.  теңгесі ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін беріледі. Ол қаражатты уақытында қосымша келісім жасап үлгермей,  ұзартылған уақытта келісім жасасқан салымшылар алады.

Банк салымшыларына бағам айырмасының екінші траншы  толық көлемде 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін төленеді.

Жалпы алғанда, өтемақы көлемі 35,5%-ды құрайды. Салымшыларға  2016 жылы 19,2%  немесе  32,9 млрд. теңге, ал 2017 жылы 16,3% өтемақы төленеді. Ол 28 млрд. теңгені құрайды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.