Домой Жаңалықтар Таран ауданында құдыққа құлаған зейнеткер аман қалды

Таран ауданында құдыққа құлаған зейнеткер аман қалды

130
0

Қостанай облысында құдыққа құлап кеткен зейнеткерді бес күннен кейін тауып алған, деп хабарлайды «Маяк» газетіне сілтеме жасап «Қостанай таңы».

Оқиға Таран ауданына қарасты Смайлов ауылында орын алған. Қазан айының 2-cі күні қарттарды құттықтауға Орталық алаңға жинаған. Мерекеден кейін кейуаналар үйлеріне тарқасқан, тек Людмила Бикторова ғана жете алмайды. Жалғыз өзі тұратын әжейді ауылдастары тез арада іздеуге кіріскен. Көмекке тоғызыншы сынып оқушысы Раил Раис та үлес қосқан. Тайсон атты итін қасына ертіп, айналаны тінтіп шығады. Бірінші күні бала нәтижесіз оралады, Раил екініші күні төбетінің көмегімен құдықтың түбінде жатқан зейнеткерді тауып алады.