Домой Жаңалықтар Алаяқ әйел қостанайлық соғыс ардагерін тонап кетті

Алаяқ әйел қостанайлық соғыс ардагерін тонап кетті

75
0

Қостанайлық ардагерден алаяқтық жолмен 30 мың теңге жымқырған әйел қолға түсті. Ұлы отан соғысының ардагері Иван Котылевский мен оның әйелі алаяқтың құрбанына айналды. Бірнеше күн бұрын қариялардың пәтеріне жас әйел келіп, қариялардың көздерінің нашар көретінін пайдаланып, өзін немересімін деп таныстырып, бір күнге деп қарызға ақша сұрайды. 

Ол бастапқыда 20 мың теңге, сосын ардагердің ақшаны беруге дайын екенін біліп,тағы 10 мың сұраған. Осылайша жас әйел зейнеткерлердің жинақ ақшасынан 30 мың теңгені қолды еткен. Алаяқ кеткеннен кейін қариялар немерелеріне анық-қанығын біліп қоңырау шалады. Қостанай полициясы алаяқтық  бойынша қылмыстық іс қозғап,10 күннен соң қылмыскер қолға түсті.