Домой Жаңалықтар Арқалық тұрғыны баласына алимент төлемегені үшін үш тәулікке қамалды

Арқалық тұрғыны баласына алимент төлемегені үшін үш тәулікке қамалды

95
0

Арқалық қалалық сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қостанай облысы сот актілерін орындау Департаменті «Арқалық қалалық аумақтық сот актілерін орындау бөлімі» РММ-нің мемлекеттік сот орындаушысымен азамат К.-ның кәмелетке толмаған баласына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамай жүргені анықталған.  

Сот мәжілісі барысында жауапкер 2014 жылдың сәуір айынан алимент төлемей әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толығымен мойындап және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада аталған мән-жайларды растады. 

Сот іс материалдарын зерттеп, құқық бұзушының түсінігін, прокурордың қортындысын тыңдап және жасалған құқық бұзушылық сипатын, құқық бұзушының жеке басын ескеріп, баласына 120 мың теңгеден астам қаражат қарыз болған  жауапкер   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабымен кінәлі деп танып, 3 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.Бұл туралы Қостанай облыстық соты хабарлайды.