Домой Жаңалықтар ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу басталды

81
11

ҚР Президенттігіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен  сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну  26 ақпанда басталып, 15  наурызда аяқталады», — деді ол.

Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

«Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», — деді Қ.Тұрғанқұлов.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

11 КОММЕНТАРИИ

  1. Кім болсада ел игілігіне еңбек ететін, елімізді жарқын болашаққа жетелейтін азамат болса деп тілейміін. Өз басым Нұрсұлтан Әбішұлына қолдау қолдау көрсетемін.

  2. Елбасының үміткер болуына тілектеспін

  3. Кезектен тыс сайлауды биыл өткізу өте уақытылы шешім деп ойлаймын. Ендігі қызықтардың бірі сайлауға кім қатысар екен…

  4. Президенттік сайлауымыз жақсы өтеді деген үміттемін. Елімізде тиыштық болсын!

  5. Барлық үміткерлерге сәттілік, мықты бәсекелес тілеймін, бірақ Н.Назарбаевтың да қатысқанын қалаймын.

  6. Барлық үміткерлерге сәттілік, мықты бәсекелес тілеймін, бірақ Н.Назарбаевтың да қатысқанын қалаймын.

  7. Енді жақсы кандидаттарды күтеміз. Сарабдал саясатымен. Бізге тек жақсылық әкелетін.

  8. Барлык партия озинен сенимди кандидаттар усынатынына сенимдимин. Бизде сайлауга барып оз даусымызды беремиз.

  9. Президенттік сайлау әділ өтеді деген үміттемін. Нұрсұлтан Әбішұлы елімізді көптеген жетістіктерге әкелді. Шүкір тәуба деуіміз керек.

  10. Қазіргі таңда кандидаттар арасынан Президентімізге тән адам жоқ деп ойлаймын. Иә әлі де болар. Бірақ дәл өазіргі уақытта Елбасымыз өз істерін іске асыра алмады. Әлі бағындыратын белестері көп деп ойлаймын

  11. «Игілік басы — ынтымақ», тәуелсіздігіміз баянды, тұтастығымыз берік, елдігіміз мәңгі болсын. Ел қамын ойлайтын Н.Назарбаевқа сайлауда өз дауысымды беремін.

Comments are closed.