Домой Жаңалықтар Ұлттық Банк ипотекалық несие алғандарға жеңілдік жасалады

Ұлттық Банк ипотекалық несие алғандарға жеңілдік жасалады

109
0

Ипотекалық несие алғандарға жеңілдік жасалады. Ұлттық банк қап қаражатты қарызға алып, кейін берешектен құтыла алмай жүргендерге жеңілдетілген шарт ойластырды.  

Айтуларынша, әуелі пайыздық мөлшерлеме төмендетілген. Сондай-ақ, борышкерлерге берешекті қайтару үшін қосымша уақыт беріліпті. Ұлттық банк ипотекалық несиелеу саласындағы түйіткілдерді шешу үшін 130 млрд теңге бөлген. Бірақ бұл қаражат қарызгерлердің банк алдындағы берешегін өтеу үшін емес, ипотека берудегі шарттарды жеңілдетуге бағытталған.

«Бөлінген қаражат жеке тұлғалардың ипотекалық несиелері бойынша қызмет көрсету шарттарын жеңілдетуге бағытталады. Жеңілдету мәселесі, ең бірінші – қарыз алушының пайыздық мөлшерлемесін төмендетуге қарастырылған. Екінші – несиені қайтару уақытын созады», — деді Ұлттық банктің өкілі.

Айта кетейік, Ұлттық банк қаржыны 2004 -2009 жылдар аралығында берілген тұрғын үйлердің несиесін қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында қордан бөлген. Аталған мәселенің оң шешімін табуы үшін қазіргі кезде Ұлттық банк пен, екінші деңгейлі банк өкілдері сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер Алматы қаласының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы белсене жұмыс жасауда.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.