Домой Жаңалықтар Қостанайда қызды мерт қылған қылмыскердің ісі қаралуда

Қостанайда қызды мерт қылған қылмыскердің ісі қаралуда

43
0

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қарауына  кісі өлтіру (ҚР ҚК 99 б.1 б.) бойынша айыпталған 22 жасар С.Сотниковқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті.

Тергеу материалдарына сай, 2015 жылдың 5 қаңтарында Таран ауданының Апановка ауылында сотталушы өзінің таныстарымен бірге ішімдік ішкен. Көңілді отырыста болған 25 жасар О.Чабикова біраздан соң өзінің үйіне қайтады. Ал Сотников оны шығарып салмаққа шығады. Қыздың үйінің маңында таяғанда ішімдікке сылқия тойған екеуінің арасында дау туындап, жанжал кезінде сотталушы Чабикованының мойынын  білегімен орап, қылқындыра бастаған. Осылайша, бірнеше минут ұстап босатқанда қыз жерге ессіз құлайды. Алайда, тірі болатын.

Мұнымен қылмыстық  әрекетін тоқтатпаған Сотников жәбірленушінің басынан бірнеше рет теуіп, қыздың демі тоқтағанша қолымен буындырған.Жәбірленушінің жансыз екендігін көріп, оқиға орнынан жасырынған-деп хабарлайды облыстық сот.