Домой Жаңалықтар 50 жыл бұрын Қазақстанда кең тараған есімдер белгілі болды

50 жыл бұрын Қазақстанда кең тараған есімдер белгілі болды

68
0

Жарты ғасыр ішінде халықтың балаға ат қоюдағы талғамының өзгергені байқалып отыр. Қазақстанда 50 жыл бұрын балаларға жиі қойылған есімдерді анықтады.

 Осыдан жарты ғасыр бұрын славян есімдерінің көп қойылғаны белгілі болды. Ал қазақ есімдерінен ұлдарға Серік, Марат, Нұрлан, Қайрат, Талғат деген аттар, қыз балаларға Гүлнәр, Сәуле, Роза есімдері жиі берілген.

Ал еліміз Тәуелсіздік алғалы бері балаларға мүлдем жаңа есімдердің қойыла бастағаны белгілі. Айталық, өткен жылы ұлдарға Әлихан, Ерасыл, Нұрислам, Нұрасыл, Айсұлтан, Санжар, Рамазан, Мирас есімдері көп берілген. Ал қыздар Айзере, Айару, Інжу, Кәусар, Айша, Әмина, Аружан, Аяулым есімдерін жиі иеленген.

Қазіргі балаларға ең көп қойылатын есімдер — Әлихан және Айзере. Қазақстан бойынша барлығы 21 659 Әлихан мен 16 538 Айзере бар.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.