Домой Жаңалықтар Елбасы қазақстандықтарды ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады

Елбасы қазақстандықтарды ҚХА-ның 20 жылдығымен құттықтады

46
0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ел тұрғындарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап  Baq.kz. 

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшілік пен келісімнің, қасиетті Отанымызда өмір сүріп жатқан барлық этностар достығының ең басты және берік іргетасы. Ол елдігіміздің қалыптасу, Тәуелсіздігіміздің нығаю тарихында, Қазақстан Республикасының Конституциясын жалпы халық болып қабылдауда, терең экономикалық реформалар жүргізуде және қоғамымыздың әлеуметтік және саяси негізін ауқымды жаңғыртуда айрықша рөл атқарды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің көпұлтты халқымыздың бірлігін сақтайтын мәңгілік қорғанына айналды. Ол бірлік, тұрақтылық, толеранттық, жалпыға ортақ еңбек, патриотизм сияқты ортақ құндылықтарымызды қазақстандықтардың санасына сіңіруде.

Өзінің күнделікті, тынымсыз жұмысы арқылы ол ел азаматтарының жүрегіне Мәңгілік Елімізге және Қазақстан атты теңдессіз де тату отбасының мүшесі екеніне деген мақтаныш сезімі мен жоғары жауапкершілігін ұялатады-делінген құтықтау мәтінінде.