Домой Жаңалықтар Қостанайда анасы мен баласы ұзақ мерзімге сотталды

Қостанайда анасы мен баласы ұзақ мерзімге сотталды

84
0

Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сағындықова ҚР ҚК 259 б. 3 б. «а,в» т. бойынша (алдын ала келісім арқылы топтасып аса ірі көлемде есірткі затын заңсыз өткізу мақсатында сақтау) қарастырылған қылмысты жасады деп айыпталған аналы-балалы Куляскиндерге қатысты  сот үкімін шығарды.

Тергеу материалдары бойынша, 2014 жылдың 10 қарашасында сағат 18.10 шамасында жедел іздестіру шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлерімен Рудный қаласының тұрғындары 1960 ж.т. В.Куляскина мен 1986 ж.т. В.Куляскин ұсталған.

Тергеу кезінде Куляскиннің анасы үйде сақтаулы тұрған салмағы  97,82 грамм болатын героинді ас үйдің ашық терезесінен сыртқа лақтырып үлгірген. Ал үйдің шығаберіс бөлмесінде қағаз бумаға оралған 0,43 грамм  героин табылып, тәркіленген.

Келесі тергеу барысында Рудный қаласы Ленин көшесі бойындағы тұрғын үйдің ауласында тұрған Куляскиннің автокөлігінің есік қалтасынан 6,81 грамм героин 4 полимерлік түйінде табылған.  

Сот екеуінде қылмысты жасауда кінәлі деп тауып, әр қайсына 10 жыл қатаң тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтеуге үкім етті-деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.