Домой Жаңалықтар Елімізде жаңа жүргізуші куәлігі беріле бастады

Елімізде жаңа жүргізуші куәлігі беріле бастады

40
0

Елімізде жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері беріле бастады, деп хабарлады www.24.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Құжатта 7 санат және 6 кіші санат белгіленген. «Бұл категориялар скутерлер мен мопедтерді, басқа да шағын көліктерді жүргізуді реттеуге мүмкіндік береді», — дейді мамандар.

Ал қолданыстағы жүргізуші куәлігі оның мерзімі біткенге дейін жарамды болып қала береді. Жаңа құжатқа үкіметтің Egоv электрондық веб-порталына өтініш жазу арқылы қол жеткізуге болады. 
— Астана мен Алматы қалаларында чипті оқытатын құрылғы бар. Соның ішінде қандай заңбұзушылықтар бар, қандай жауапкершілікке тартылды, қайсысы төленген, қайсысы төленбеген сияқты барлық мәліметтер жазылады. Жаңа куәліктерде де чип болады, — деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы Ернар Базаров.