Домой Жаңалықтар Наурыз айында 1357 пәтер пайдалануға беріледі

Наурыз айында 1357 пәтер пайдалануға беріледі

35
0

Астанада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Оған Мәжіліс төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева мен Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, құрылыс компаниялары мен жеке инвесторлар және «Бәйтерек» холдингінің басшылығы мен еншілес компанияның өкілдері қатысты, — деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Кеңес отырысында сөз алған Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев наурыз айының өзінде еліміздің бес қаласында 76,5 шаршы метр тұрғын үйді үлестіру жоспарланып отырғандығын мәлімдеді.

— Алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй, яғни, 29 мың әлеуметтік жалға берілетін пәтер салу жоспарланған болса, ағымдағы жылдың өзінде 487 мың шаршы метр үйді жалға беру үшін салу көзделген. Ал наурыз айында Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау және Семей қалаларында жалпы аумағы 76,5 мың болатын 1 357 пәтерді тұрғындарға пайдалануға берілетін болады, — деді Қуандық Уәлиханұлы.

Айта кетейік, бұл үйлер Мемлекет басшысының «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» жолдауында айтылған тапсырмалар аясында жүзеге асырылуда.