Домой Жаңалықтар Бес қазақстандық әлемнің ең бай адамдарының тізіміне еніп отыр

Бес қазақстандық әлемнің ең бай адамдарының тізіміне еніп отыр

59
0

АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы  2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған болатын.

Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат — Болат Өтемұратов, Әлижан Ибрагимов, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким кіріп отыр.

Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федерациясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2,6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2,2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы — «АТФ Банк» компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның UniCredit компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін Kassa Nova  мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін  ForteBank банктерін ашты. Былтыр миллиардер «Самұрық-Қазына» қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелігінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.

Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі өндірушілердің бірі ENRC компаниясының акционері және «Еуразиялық банк» АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған кәсіпкердің бар байлығы 2,2 млрд. теңгеге бағаланған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1,7 млрд. теңге шамасында болды. Forbes тізімінің жалпы рейтингісінде ол 847-орында.

Ал Құлыбаевтар жанұясы 894-орынға жайғасқан. Олардың әрқайсысында 2,1 млрд. доллардан бар. Былтыр олардың байлығы 1,8 млрд. долларға бағаланған болатын. Журнал олардың қызмет саласын банк ісі деп көрсеткен. Динара Құлыбаева Қазақстанның халық банкі компаниясының акционері екені белгілі. Тимур Құлыбаев болса, Қазақстанның мұнай-газ секторында ірі ойыншылардың бірі. Ол Ресейдің ең ірі мұнай-газ компаниясы — «Газпромның» директорлар кеңесінің мүшесі, «KAZENERGY» қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер палатасының Президиум басшысы және Қазақстан бокс федерациясының президенті болып табылады.

Мыс магнаты Владимир Ким 1,8 млрд. доллармен көш соңын түйіндеді.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.