Домой Жаңалықтар Қостанайда жол-көлік оқиғасына кінәлі адам бір млн теңге моралдық өтемақы төлейді

Қостанайда жол-көлік оқиғасына кінәлі адам бір млн теңге моралдық өтемақы төлейді

87
0

Қостанай облыстық сотының кассациалық сот алқасы жәбірленуші тараптың шағымы бойынша ҚР ҚК 296 б. 2т. негізінде (жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соғу) айыпталған 1959 ж.т. Борамбай Сағымбаевқа қатысты үкім мен апелляциалық саты қаулысын қайта қарады. 

2014 жылдың 16 қыркүйегіндегі сот үкімімен Сағымбаев 2013  жылдың 4 қарашасында сағат 08.30 шамасында «Mercedes–Benz» маркалы автокөлігімен Қостанай қ. Маяковский көш. бойынша «Университет» автобус аялдамасының  маңында Жол-көлік қозғалысы ережесінің 14.1 тармағын бұзғаны үшін айыпты деп танылған. Осылайша, жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізбей, оны көлігімен соғып кетіп, нәтижесінде жаяу жүргінші Ш. денсаулығына ауыр дене жарақаты салынған. Әйелді соққан Сағымбаев шұғыл жедел жәрдем шақырады. Айта кету керек, ер адам өзі сол кезде жедел жәрдем қызметінде жүргізуші болып жұмыс істеген.

Жәбірленуші ауруханада жатқан кезеңде сотталушы оған материалдық көмек көрсетіп тұрған.Алайда, жасалған тиісті емге қарамастан әйел 2013 жылдың 26 қарашадында отадан кейін қаза табады.Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен Сағымбаевқа 2 жыл көлік басқару құқығынан айырумен 3 жыл шартты жаза тағайындалған. Жәбірленуші тарапқа моралдық залал ретінде 100 мың теңге өндірілген.

Кассациалық сот сатысы қылмыстық іс мән-жайларына орай Борамбай Сағымбаевқа қатысты Қостанай қаласы №2 соты үкімі мен Қостанай облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі апелляциалық сот алқасы  қаулысын азаматтық талап жағына өзгертті. Сотталушыдан моралдық залал үшін өндірілген  100 мың теңге 1 миллион теңгеге  дейін ұлғайтылды-деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.