Домой Жаңалықтар Қостанайда елімізде шығарылған жеңіл және комерциялық көліктер көрсетіледі

Қостанайда елімізде шығарылған жеңіл және комерциялық көліктер көрсетіледі

48
0

Бүгін Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС өндірістік алаңдарында Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясын іске қосу бастамасының шеңберінде Қазақстанда шығарылған жеңіл және коммерциялық автомобильдердің жаңа үлгілері көрсетіледі.Шараға министрліктер, Астана, Алматы, Қостанай қалалары, сондай-ақ Ақмола, Алматы және Қостанай облыстары әкімдіктерінің өкілдері мен қазақстандық машина жасау өніміне мүдделі ірі бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысады.

Қатысушылар өндірістік үрдіспен танысады, олар: толықтай роботтандырылған дәнекерлеу, қораптарды сырлау, қорап пен раманы қосу үрдісі.«АгромашХолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» алаңдарында шығарылған көліктер жеті брендтің 43 үлгісін құрайды, олардың ішінде SsangYong маркалы 5 үлгі, Peugeot 4 үлгісі,  Iveco маркалы 9 үлгі, Hyundai көлігінің 3 үлгісі, Geely 7 үлгісі және Toyota үлгілері бар.Қостанай зауытында шығарыла бастаған қытайлық JAC автомобиль бренді үлгісінің алғашқы таныстырылымы басты оқиғаға айналмақ.  Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.