Домой Жаңалықтар ҚР Президенттігіне үміткер болуға бір әйел адам ниет білдірді

ҚР Президенттігіне үміткер болуға бір әйел адам ниет білдірді

50
0

Қазақстанда Президент сайлауы додасына түсуге үшеуден аз емес адам ниет білдірді, — деп хабарлайды baq.kz Tengrinews.kz тілшісіне, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаевқа сілтеме жасап.

 «Қазірдің өзінде ниет білдірушілер бар, бірнеше адам — 3-4 адам бар. Олар әзірше — өзін-өзі ұсынушылар», — деді Сәрсембаев ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысының үзілісінде.

«Олардың арасында бір әйел адам бар, қалғаны — ерлер», — деді ОСК мүшесі, ол бұл адамдардың әзірше кандидаттыққа ұсынылушылар ғана екенін нақтылап айтты.Айта кету керек, президенттікке кандидат болуға ниеттілер өзі мен жұбайы үшін салық декларациясын тапсыруы тиіс. Кейін олар мемлекеттік тілді еркін меңгеруі тексерілетін лингвистикалық комиссиядан өтеді. Бұдан соң қол жинау парағын алады. Мұндай парақтарға еліміздің кемінде тоғыз облысында және Астана, Алматы қалаларында қол қойылған болуы қажет. Қол қойғандардың саны сайлаушылардың 1 пайызы деңгейінде, яғни 93 мың 12 адам болуы міндетті. Жиналған қолдардың растығы тексерілгеннен кейін ОСК кандидатты тіркеуді қолға алады.