Домой Жаңалықтар Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге тиым қатаң бақыланады

Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге тиым қатаң бақыланады

50
0

Қазақстанда тауар мен қызмет бағаларын «шартты бірлік» бойынша көрсетуге салынған тыйым қатаң түрде бақыланатын болады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Оспанов айтты-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда тауарлар мен қызмет бағаларын доллармен, яғни «шартты бірлікпен» көрсетуге салынған тыйымға байланысты жұмыс жүргізіледі. Және бұл жұмыстар қатаң түрде бақыланатын болады», — деді С.Оспанов. 

Оның айтуынша, бұл үшін ҚР Заңында қажетті нормалар қарастырылған.