Домой Жаңалықтар Қостанайда майданнан келген хаттар көпшілікке ұсынылды

Қостанайда майданнан келген хаттар көпшілікке ұсынылды

67
0

Қостанайлықтар Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Иван Павловтың сұрапыл соғыс кезінде әкесіне жазған хатын оқып, білді.  Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ақпан айынан бері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «Майдан хаттары» атты интерактивті акциясын өткізуде. Осы іс-шара аясында  жерлестерімізге соғысқа қатысқан жауынгерлеріміздің туыс-туғандарына жолдаған хаттарын көпшілік назарына ұсынды. 

Соғыс жылдары тарихынан сыр шертетін, шеттері желімделген, бір жапырақ сары қағазда Отанға, туыс-туғанға сүйіспеншіліктері жазылған.Жарқын болашаққа сенім артқан майдангерлер өздерінің көңіл күйлерін, ой толғаныстарын білдірген. Өкінішке қарай, кейбірінің армандары соңғы хат болып, тек қағаз бетінде басылған таңбадай болып қалған.Мұражай қорынан алынған майдан хаттарының түп нұсқаларынан жасалған көшірмелердің де өскелең ұрпаққа берер тәрбиелік маңызы зор. Сонау сұрапыл соғыстың жаңғыры болып қалған хабарлар оқыған адамды тебірентпей қоймайды. Майдангерлердің хаттарын оқуға ниет білдірген адамдар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы сайтынан мол мағлұмат ала алады.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.