Домой Жаңалықтар Қостанай соты туған жиендеріне зорлық көрсеткен педофилдің жазасын өзгеріссіз қалдырды

Қостанай соты туған жиендеріне зорлық көрсеткен педофилдің жазасын өзгеріссіз қалдырды

55
0

Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциалық сот алқасы сотталушы 1982 ж.т. Виталий Русскихтің шағымы бойынша бірінші сот сатысының үкімін қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.Тергеу материалдары бойынша, 2014 жылдың жазында Русских өзінің туған жиендері 2003 жылы туған ұл бала мен 2005 жылы туған қыз балаға  сексуалды сипаттағы зорлық жасаған.  

Айта кетер болсақ, Қостанайдың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының 12 қаңтардағы үкімімен В.Русских нәпсіқұмарлық пен зорлық жасауда айыпты деп талылған болатын. Оған ерекше тәртіптегі колонияда 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.Оның іс-әрекетінде аса қауіпті қылмыстың қайталануы мойындалды.Қылмыстық істің сараланған түріне орай іс жабық сот режимде қаралды.Сотталушы шағымы қанағаттандырылмады-деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.