Домой Жаңалықтар Әлемдегі ең қарт әжей 117-ге толды

Әлемдегі ең қарт әжей 117-ге толды

49
0

Жер бетіндегі ең кәрі әйел Мисао Окава бүгін 117-ге толып отыр. 1898 жылдың 5 наурызында Осака қаласында дүниеге келген әжей туған күнін уақытынан бір күн бұрын атап өтті деп жазады BBC News-ке сілтеме жасап baq.kz.Айтулы күнге арналған мерекелік шара кеше Осакадағы қарттар үйінде өтті. Мисао Окава аталған орталықта бірнеше жылдан бері тұрып келеді. Оның туған күнін неліктен ерте тойлағандығы белгісіз.

Келген қонақтар алдында сөз сөйлеген Окава 117 жасты аса ұзақ ғұмыр деп есептемейтінін айтты. Қарттар үйінің қызметкерлерінің айтуынша, қарт әжейдің денсаулығы соңғы уақытта сыр бере бастапты. Оның құлағы естімей, қозғалысы да тым баяулаған. Дегенмен, ақыл-есі орнында дейді дәрігерлер.Мисао Окава 1919 жылы күйеуге шығып, үш баланың анасы атанған. Дегенмен, 1931 жылы оның күйеуі қайтыс болып, балаларын ол жалғыз тәрбиеледі. Қазіргі таңда үл-қыздарының көзі тірі. Олардан төрт немере мен алты шөбере сүйіп отыр. 2013 жылы Окава Жер бетіндегі ең кәрі әйел ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.