Домой Жаңалықтар Қостанайда пәтер алаяғы сотталды

Қостанайда пәтер алаяғы сотталды

71
0

Бүгін Қостанай облысының Лисаков қалалық соты ҚР ҚК 177 б., 4 б., «б» т.(алаяқтық) бойынша айыпталған 1980 жылы туған А.Шакаловқа қатысты үкім шығарды.  Бұл іс бойынша 16 жәбірленуші бар.Сотпен анықталғандай, 2013 жылдың наурыз айынан жеке кәсіпкерлікпен айналысып, жылжымайтын мүлікке шынайы келісімдердің болмағанына қарамастан, алаяқтық мақсатпен, жәбірленушілердің мүліктерін, сенім арқылы және алдау жолымен иелену үшін, сотталушы өз қызметкерлері арқылы жәбірленушілердің ақша қаражаттарын құқыққа қайшы қайтарымсыз алу туралы қылмыстық кесте ойлап тапқан.

Пәтер сатып алуға ниеттілердің сенімін арам пайдалану мен алдау жолымен, А.Шакалов оларға пәтерді саудадан сатып алуға уәде беріп, бұндай келісімді жасауға ниеті мен мүмкіндігі болмағанына қарамастан, пәтердің соммасының 1/3 бөлігі көлемінде ақша қаражатын оған ұсынуды талап еткен.

Жалпы алғанда, Шакалов 2013 жылдың 11 наурызынан 2014 жылдың 31 қаңтары аралығында жәбірленушілерден 20 870 000  теңге көлемінде алғашқы жарна ретінде қаражат алып,  жымқырған.

Сот отырысы келісімдердің азаматтық-құқықтық қатынастар негізінде жасалғанын айтқан сотталуышы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Сот үкімімен сотталушыға жалпы тәртіптегі түзеу колониясында 8 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды-деп хабарлайды Қостанай облыстық соты.