Домой Жаңалықтар Қостанай облысының әкімі нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Қостанай облысының әкімі нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

101
0

Бижамал Жаңбыршина-бес баласы бар көп балалы ана. 12 немересі және 1 шөбересі бар. Жетпіс төрт жастағы зейнеткердің айтуынша әйелдің өмірінде ең бастысы жақын-жуықтарының амандығы. 8 наурыз күнін ол ерекше мереке деп есептейді. Көп балалы ана Қостанай облысы әкімінің салтанатты қабылдауына шақырылғандардың бірі. 

22 нәзік жандының арасында дәрігерлер мұғалімдер, спортшылар, зейнеткерлер, ардагерлер мен кәсіпкерлер бар. Бұлардың барлығы өз саласының үздіктері. Нұралы Сәдуақасов жиналғандарды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, бақыт-береке тіледі. Салтанатты жиыннан соң облыстық филармонияда концерт ұйымдастырылды.