Домой Жаңалықтар Қостанайда Виктория Ганяны өлтірген күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

Қостанайда Виктория Ганяны өлтірген күдіктіге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы кесілді

83
0

Бүгін Қостанай облысы мамандандырылған қылмыстық іс соты 7 жастағы Виктория Ганяны, тағы да үш адамды өлтіргені үшін айыпталған Денис Лесниковке қатысты үкім шығарды.

Сот Лесниковты адам зорлау, кісі өлтіру, адам ұрлау сияқты ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпты деп таныды. 

31 жастағы Лесниковтың ең ауыр қылмысы — Рудный қаласының жеті жасар тұрғынының қанын мойнына жүктегені болды. Жоғалған қызды еріктілер, полицейлер іздестірді. Ол уақытта қылмыскер ауыр қылмысы үшін түрмеде жатқан болып шықты. 

Тергеушілер колониядағы Лесниковтан жауап алғанда, ол тағы да үш адамды өлтіргенін мойындады. Алайда ол сот тергеуі кезінде тергеу барысында берген айғақтарынан бас тартты.

Сот жабық режімде өтті. Оған өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы прокурордың талабы қанағаттандырылды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.