Домой Жаңалықтар Қостанай облысындағы білім беру және спорт мекемелеріне танымал адамдардың есімдері берілді

Қостанай облысындағы білім беру және спорт мекемелеріне танымал адамдардың есімдері берілді

70
0

ҚР Үкіметі Қостанай облысының білім беру және спорт ұйымдарына атау беру туралы қаулы шығарды.

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 9 орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне — Ғафу Қайырбековтің; «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімінің музыка мектебі» мемлекеттік мекемесіне — Бақытжан Байқадамовтың; Қостанай облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «№1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесіне — Қадырбек Оспановтың есімдері берілді-деп хабарлайды ҚазАқпарат.