Домой Жаңалықтар Қостанайда балдызын өлтірген адам сотталуда

Қостанайда балдызын өлтірген адам сотталуда

61
0

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауына ҚР ҚК 96 б. 1 б. бойынша (кісі өлтіру) қылмыстық іс түсті. Айыпталушы Қостанай облысының Қашар кентінің 36 жастағы тұрғыны.

Тергеу материалдары бойынша, 2014 жылдың 12 желтосанында ерлі зайыпты екі жұп Қашар кентіндегі пәтердің бірінде ішімдік ішкен. Ал жәбірленуші И. пәтер иесі саналатын әйелдің туған інісі болатын.

Біраз уақыт қонақта болған іні мен келін өз үйлеріне кетеді. Арада жарты сағат уақыт өткен соң сотталушының әйелі бауырына телефон шалып, өзін күйеуі соққыға жыққанына шағымданады.

Олар қайта келгенде әдбен соққыға ұшыраған азаматша И.-ді көреді. Апасына болысқан И. жездесімен сөйлеспек болады. Арты төбелеске ұласып, әйелдер қиындықпен оларды ажыратып алады. Біраз сабасына түскен жігіт әйелі мен апасын алып үйіне кетпекке ыңғайланғанда сотталушы ас үйден пышақ алып балдызының мойынына сұғып алады. Алған жарақат салдарынан И. оқиға орнында қаза тапқан.Бұл туралы Қостанай облыстық соты хабарлайды.